Мектептегі интернет. Министр байланыстың неге нашар екенін түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бағдат Мусин мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін қандай шаралардың қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, әкімдіктер 2023 жылдың тамызына дейін Халықаралық электрбайланыс талабына сәйкес 2 810 мектептегі Интернет жылдамдығын арттыру және елді-мекен ішіндегі 266 мектепке дейін талшықты оптика желісін құруды қамтамасыз етуі қажет. Екіншіден, министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, 2024 жылдың соңына дейін 2 764 мектептегі трансмиссияларды талшықты оптика немесе радиорелелік байланыс желілеріне ауыстырып, шалғайдағы  574 мектепті спутниктік байланыспен қамтамасыз еттетін болады. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында жаңа мектептерге басты талап, яғни  талшықты оптикалық байланыстың болуы қажет, - деп мәлімдеді ол Үкімет отырысында.

Мусиннің айтуынша, бүгінгі таңда мектептердің көбі интернетке қосылған. Алайда, сол мектептер ішінде локалды немесе Wi-Fi желісінің болмауынан оқушылар интернетке қосыла алмай зардап шегіп отыр.

Сол себепті министрлік мектептерде бұл мәселені локалды желі мен Wi-Fi нүктелерін ұйымдастыру арқылы кешенді шешу тәсілін ұсынуда. Көріп отырғандай, кіру нүктесі 200 құрылғының жұмысын бір уақытта қамтамасыз етіп, барлық оқу бөлмелері мен зертханаларда және мектеп ауласына дейін Wi-Fi желісін қамтуы тиіс. Баяндалғанды ескере отырып, Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2023 жылдың соңына дейін мектептерге арналған локалды және Wi-Fi желілердің стандартты талаптарын, жұмыс тәртібі мен топологияларын бекіту ұсынылады. Сонымен бірге, министрлік мектептер үшін байланыс операторларының бірыңғай байланыс орталығын құруды қолға алатын болады. Ал Әкімдіктер 2023 жылдың соңына дейін әр мектеп ішінден локалды желінің болуын қамтамасыз етуі қажет, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы