Ақтөбеде «Мектепке жол» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбенің қалалық әкімдігінде «Мектепке жол» акциясы басталды. Бұл туралы аktobenews.kz сайтында хабарланды.

Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалы азқамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан 25 балаға мектеп құралдарын сыйлады. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиеваның сөзінше, акцияға қатысуға 7 мыңға жуық арыз түскен.

«Арыз берген адамдардың тізімін іріктегенде, жұмыс істей алмайтын, атаулы әлеуметтік көмек алуға ілікпей қалғандар, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға басымдық берілді», - деді Айгүл Арынғазиева.

Қызыл Ай қоғамы филиалының директоры Нұрлан Үдербайдың сөзінше, филиал «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысады.

«Соңғы 10 жылдың ішінде Қызыл Ай қоғамы бұл акцияға 4 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды», - деді Нұрлан Үдербай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы