Мектепке пышақпен кіру. Бала психологиялық көмекке зәру болған

Павлодарда мектепке пышақпен кіріп, екі адамды жарақаттаған оқушыға қатысты оқиға кәмелеттік жасқа толмағандар және балалар құқықтарын қорғау ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, бұл бағытта білім беру бөлімінің жұмысында олқылықтар анықталды.

Мектепте болған оқыс оқиғаға жауапты органдардың салғырт жұмысы себеп. Мұғалім мен сыныптасын жарақаттаған бала психологиялық және педагогикалық көмекке зәру болған. Бірақ, мектеп әкімшілігі бұл жағдайды байқамаған. Сондықтан, баланың пышақпен мектепке кіріп кетуі ешкім көрмеді. Бұған дейін мектеп қауіпсіздік бойынша тексерістен өткен. Сонда ескертулер айтылған, десе де, ешбір олқылық жойылмады, - дейді Хасар Хабылбеков.

Отырыс барысында өзге мектептерде де қауіпсіздікке қатысты мәселелердің бары анықталды. Мәселен мекемелердегі бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты сұрақ көп. Ал күзетшілердің басым бөлігі егде жастағы азаматтар болып шықты. Жауапты мекеме өкілдері бұл проблемаларды жасырып келеді.

Мамандардың айтуынша, мектептерде бейнебақылау камералары онлайн жұмыс істейді, ал оқыс жағдайы кезінде бейнежазбаны қарау мүмкін емес. Білім беру бөлімі мен полиция басқармасына күзет кәсіпорындарымен мәселені шешу тапсырылды. 

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын камераларды орнату бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен келісімшарт жасалған. Енді келісімді тоқтату мәселесі қаралып жатыр. Ал оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзге жобаларды жүзеге асырылады.

Екі адамды жарақаттау бойынша білім беру бөлімі мен мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы