Мектепке кіргізбейді деген мәселе жоқ. Аймағамбетов мектеп формасы туралы айтты
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жедел желі» бағдарламасында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Мектептің формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ. Ол қалай болды, солай қалып жатыр. 2016 жылы қабылданды. Тіпті болмаса, мектеп формасы жоқ болып, мектепке кіргізбейді деген мәсесе жоқ. Ол таза, тәрбиеміз бен дәстүрімізге сай ақ көйлек, қара шалбармен келсе, оған мектепке кіруге ешкім бөгет жасамайды. Ал 2016 жылы қабылданған қағидалар еш өзгеріссіз қалды, - деді ол.
Аймағамбетов атағандай, биыл 475 мың балаға арнайы форма беріледі.
Оларға, әр ата-анаға жергілікті әкімдіктердің бюджетінен 37 мың теңгеден беріледі. 475 мың оқушыға осылай көмек береміз. Бұл жұмыс та аяғына жетіп қалды, - деді министр.
Мектеп формасының қымбаттылығына қатысты қазақстандықтар әлеуметтік желіде наразылық білдірген еді. Министр Үкіметте баласына форманы қаншаға алғанын да айтқан болатын.