Мектепке келген «Томирис» бақсы оқиғасы немен аяқталды

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ресми ақпаратынша, бірнеше лауазымды тұлға жұмысынан кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы мектеп ұжымының қатысуымен іс-шара өткізу фактісі бойынша Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арнайы тексеру жүргізді.

Оқиға орнында білім, ақпарат және қоғамдық даму басқармалары қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы да болды.

Т. Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә. Терлікбаев, Жамбыл атындағы мектеп директоры Э.Зәкімбаева өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды. Т. Рысқұлов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылдық округі әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, оқу жылы басталғанда Жамбыл облысында мектепке бақсыны шақыруға мұғалімдерден ақша жиналғаны және «Томирис ханшайымның» мектепке келгені жайлы әлеуметтік желілерде видео тараған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы