Мектепке дейінгі білім берудің моделі түбегейлі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата-аналарға балабақша таңдау мүмкіндігі берілмек. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің онлайн пленарлық отырысында айтты.
Министрдің айтуынша, елімізде мектепке дейінгі білім беру ісін түбегейлі өзгертетін жаңа модель даярланып жатыр. Оның аясында ата-ана мемлекеттік тапсырыс негізінде балабақшаны өзі таңдайтын болады.
Қазіргі жағдайда білім беру бөлімдері мен басқармалары мемлекеттік тапсырысты жариялау кезінде оны қай балабақшалар орындайтынын да шешеді. Ал жаңа жоба бойынша ата-аналарға таңдау құзыретін береміз. Жоба биыл немесе келесі оқу жылында қолданысқа енеді деп күтілуде. Мұндай қадам ата-аналарға таңдау құқығын беріп қана қоймай, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін де арттырады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ, жаңа модельде баланың әр жасына сай тәрбие және білім беру ісімен қатар, тілді ерте жастан оқытуға қатысты өзгерістер болатынын атап өтті
Бұған дейін министр алдағы оқу жылында жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы қалай артатынын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов оқытушылар жалақысының қалай артатынын айтты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы