"Мектеп тәртібіне бағынуға тиіс". Министр хиджаб мәселесі жайлы сөз қозғады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб кимесе, мектепке бармаймын деген оқушыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр бұл мәселенің түйіні айтылғанын жеткізді.

Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуға тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді, – дейді Ғани Бейсембаев.

Бейсембаевтың айтуынша, әр ата-ана мен мектеп баланың ертең мықты азамат болып қалыптасуына жұмыс істеуі керек.

Бүкіл білім мекемелерінде тиісті заңды орындауға білім мекемелері міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуына жұмыла үлес қосуға тиіс. Бұл мәселені әрі қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасын тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы