Мектеп психологтарының біліктілігін артыру үшін 80 сағаттық курстар өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балаларды бірге қорғайық» тақырыбында өткен брифинг барысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта министрлік балаларды қорғауға бағытталған барлық мемлекеттік органның күш-жігерін үйлестіруге және біріктіруге ерекше назар аударып отыр.

Былтыр алғаш рет «баланы жәбірлеу» ұғымы ұлттық заңнамаға енгізіліп, балаларды булингтен қорғау механизмдері бекітілген. Балалар арасындағы буллинг фактілерінің алдын алу және психологиялық қызмет қағидалары әзірленген. Қағидаға сәйкес, жыл сайын білім беру ұйымдары балаларды буллингтен қорғау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, танымдық-тәрбиелік әлеуеті зор түрлі мектепішілік және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастырады, - деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, жәбір көрген кәмелетке толмағандарға психологиялық және әлеуметтік оңалту тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мектеп психологтарының біліктілігін арттыру үшін биылдан бастап 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы