Мектеп психологтарын артық жұмысқа жегуге тыйым салынды

Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың Білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласында психолог мамандардың жетіспеушілігі бар. Қазір мектеп басшыларының алдына талап қойып отырмыз. Яғни психологтарды өздеріне тиісті емес жұмыстармен жүктемеуге тыйым салып жатырмыз. Тыйым салынды. Қазір психологтар тек балаларға көмек көрсету және балалардың психологиялық жағдайын зерттеу жұмыстарымен ғана айналысады, - деді ол.

Қазіргі таңда бір мектепте, соның ішінде үшауысымды мектептерде 3-4 психологтан бар. Ол жерде бір психологқа 700-800 баладан келеді.

Ал қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқан мектептерде 2 психологтан жұмыс істейді. Оған қоса, сынып жетекшілерінің рөлін де қарастырып жатырмыз. Оларға әдістемелік орталық әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді. Бұған дейін айтылған психологиялық қолдау орталықтарының 5 филиалы сынып жетекшілерімен де жұмыс істейді. Балаға негізгі психологиялық көмекті психологтан басқа, екінші анасы есептелетін мектептегі сынып жетекшілері де көрсетеді, - деп түсіндірді Сенғазыев брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы