Мектеп оқушысы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен

Бұл оқиға Қарағанды қаласында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға 39 жастағы әйел адам шағымданған.

Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару туралы хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан, – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады.

Хат иесі арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы