Жамбылда коронавируспен күреске мектеп медқызметкерлері тартылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда еліміз коронавирус індетімен күрес жүргізуде. Бұл мәселені шешу мақсатында қосымша халыққа медициналық қызмет көрсету орталықтары ашылуда. Онда білім беру мекемелерінде қызмет ететін медицина қызметкерлері еңбек етуде.

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов медициналық пункттердегі мектеп мейірбикелері ерікті түрде жұмыс істеп жатқанын айтты. Олар дәрігердің тексерісінен соң науқастарды қабылдауда.

Тараз қалалық Мұхтар Әуезов атындағы №33 орта мектепте медициналық пункт 20 шілдеден бастап жұмыс істеуде.

Біздің басты мақсатымыз - емханалардың жұмысын аз да болса жеңілдету. Екі күн ішінде бізге 11 адам келді. Олар негізінен орта жастағы азамттар. Айтатын шағымдары барлық тұрғында өзекті болып отырған ауру белгілері - бас ауруы, әлсіздік пен жайсыздық. Бізге қатардағы жағдайлар байқалатын науқастарды жолдайды. Өйткені, мектептегі медициналық пункттер күрделі процедураларға орай жабдықталмаған, - дейді мектеп мейірбикесі Орынкүл Қойшығұлова.

"Бурыл" алқабының тұрғындары мектептегі медициналық пунктердің жабдықталуының жоғары өнімділігін айтып отыр. 

Біз өз ауданымызда оқшаулана өмір сүрудеміз. Емхана алыс болғандықтан онда ем-дом алу үшін бару ыңғайсыз. Сол себепті дәрігердің белгілеуін алған соң бұлшықетке екпе жасай алатын немесе тамшылар қоя алатын көршілерді іздейміз. Ал ауданның тап ортасында орналасқан мектеп әркім үшін көмек алуға болатын ыңғайлы жер. Онда қан қысымын өлшетіп, екпе салдыруға, жазылу процесін бақылауда ұстауға болады, - дейді жергілікті тұрғын Еркебұлан Жантілесов.

Осы ауданда орналасқан №54 мектептің медициналық қызметкерлері Айбибі Дүйсенбаева мен Айым Үбайдан жұмысқа қуана-қуана шыққандарын айтты.
Біз балалармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыс ұстаймыз. Сондықтан жергілікті тұрғындардың біршамасын жақсы танимыз. Мұндай жағдайда оларға көмек көрсетпеу сатқындықпен пара-пар болар еді. Біздің медициналық пункт өткен аптада ашылған. Осы уақыт аралығында бізге 19 адам жүгінді. Мектепте қажетті процедураларды жүргізуге бар жағдай жасалған. Еңбегіміз елге пайдалы болады деп үміттенеміз, - дейді мейірбике Айбибі Дүйсенбаева. 

Қаланың шетіндегі аудандар үшін науқастардың мектептердегі медициналық пункттерде қабылдануы екінші тыныс ашылғандай әсер етті.

Біз жұмысқа бірінші өтініштен соң-ақ шықтық. Коронавируспен күрес кезінде соғыс кезіндегідей әр жауынгердің маңызы зор. Оның үстіне біздің ауданға медициналық көмектің жетуі қиындық тудырады. Біздің мектеп "Кірпіш зауыты" ауданында орналасқан. Мұнда Барысхан алқабы мен Ақбұлым ауылынан да адамдар келіп тұрады. Кейде тамшы қою қиын болып жатады. Өйткені, ауылдық жерде медициналық білімі бар адамды табу қиын. Сондықтан әріптесім екеуміз табан аудармай жұмыс істеп жатырмыз. Екі апта ішінде бізге көмек алу үшін 47 адам келді. Оның 11-ін бүгін қабылдадық, - дейді №60 орта мектептің мейірбикесі Сәуле Бейнеуова.

Екінші мейірбике Баян Қалмағанбетова да жұмысының жаңа қырын зор ынтамен қабылдап, пункт кіреберісінде науқастарды қарсы алып, температурасын өлшеп, жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын тексеруде.

Мен медицина саласына адамдарға көмек беру мақсатында келдім. Қазір менің көмегім барынша пайдалы болатын шақ келді. Науқастарды үнемі көтеріңкі көңілмен, күлімдеп қарсы аламын. Өйткені, бұл кезде оларға барынша жағымды эмоциялар керек. Жуырда бізге 92 жастағы бронхиті бар қария келді. Біз ақсақалды емдеп, ауруынан айықтырып жібердік. Ол кісіні көрген сайын алғысын алып, күні бойына көңілім көтеріліп жүреді, - дейді ол. 

Әрбір науқастың қазақстандық азаматтардың өмірі үшін күреске өз үлестерін қосып жүрген мейірбикелерге алғыстары шексіз.

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамаловтың айтуы бойынша, мектептердегі медициналық пункттер науқастарды оқу жылы басталғанға дейін қабылдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы