Мектеп директорына талап өзгере ме? – Министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп басшыларына қойылатын талаптар күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" бағдарламасы іске қосылып, қазірдің өзінде 500 үміткер дайындалған.

Мектеп басшысы креативті әрі жоғары білікті маман болуы тиіс. Осыған байланысты жаңа бағдарлама аясында арнайы кадрлық резерв дайындалуда. Бұл үміткерлер ешқандай конкурссыз тағайындалады, сондай-ақ олардың жалақысы да жоғары болады, - дейді Ғани Бейсембаев.

Бұл өзгеріс мектеп басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды және білім сапасын жақсартуды көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы