Пара алғаны үшін мектеп директорына 9 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж. Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.

Биылғы жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы