Мектеп директоры оқушы қызды бірнеше рет зорлаған
Үндістанда мектеп мұғалімі 14 жасар оқушыны бірнеше рет зорлағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы The Times Of India басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның дерегінше, 34 жастағы мектеп директоры бейнелеу өнері пәнінен сабақ берген. Полицияның мәліметінше, бір күні жәбірленуші 9 сынып оқушысы директорға хабарласып, жеке куәлігіндегі қатені қалай түзетуге болатынын сұрайды. Осы жағдайды реттеу үшін мұғалім оқушыны тиісті мекемеге алып барады. Қыз мәселені шешкен кезде мұғалім оны пәтерге шақырып, зорлаған.
Осы сәттен бастап ол оқушы қызды бірнеше рет, тіпті, мектеп аумағында да қорлық көрсеткен. Сонымен қатар, ол оқушыны ешкімге ештеңе айтпа деп қорқытқан.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында зорлық көрген 9 сынып оқушысы мен осындай жағдайға ұшыраған тағы бірнеше оқушы директордың үстінен шағым түсірген. Мұғалім дереу жұмыстан шеттетілді, оған қатысты іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы