Мектеп бітіру кештері өтетін орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін ойын-сауық мекемелерінің, сауда нүктелерінің иелеріне алкагольдік өнімдерді сатуды шектеу және 21 жасқа толмаған жас адамдарға сатпауды сұрайды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Мектеп бітіру кештері өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті күзетуге барлығы 1000-нан астам полиция қызметкері, қоғамдық тәртіпті күзетуге және мектеп түлектерін сүйемелдеуге 88 автопатрульдеу жұмылдырылады. Сондай-ақ бұл күні Ертіс өзенінің акваториясын патрульдік катер және салт атты полицейлер патрульдейтін болады. Осыған байланысты жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуларын сұраймыз, өйткені мектеп түлектерін автобуста полицейлер мен ата-аналар сүйемелдейтін болады", - деді баспасөз қызметінде.

Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полицейлер ойын-сауық мекемелерінің, сауда нүктелерінің иелеріне алкагольдік өнімдерді сатуды шектеу, сонымен қатар 21 жасқа толмаған жас адамдарға сатпауды сұрайды. Оған қоса, кешкі уақытта полицейлер ойын-сауық мекемелерінде ата-анасыз жүрген кәмелетке толмағандардың болуын тексеру рейдтік іс-шаралар жүргізуді жоспарлауда.

"Ереже бұзушылық анықталған жағдайда мекеме иелері ҚРӘҚжК 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің сүйемелдеуісіз болуына жол бергені үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК көлеміндегі айыппұл, ата-аналары ҚРӘҚжК 442-бабының 1-бөлімі, 2- бөлімі, 3-бөлімі бойынша – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын-жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз болғаны үшін ескертуден бастап 15 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады", - делінген таратылған ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы