Қазақстанда мектеп асханаларын тексеру басталды

Астана, BAQ.KZ. Партияның әлеуметтік жобасы аясында нұротандықтар оқушылардың ата-анасы мен журналистерді, сондай-ақ, мемлекеттік орган өкілдерін шақырған сараптамалық топтар инспекция жүргізеді.

Бүкіл республика бойынша «Мектеп асханалары» партиялық жобасы басталды. Құрамына ата-аналар, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалдарының өкілдері, БАҚ, ҮЕҚ мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық сараптамалық топ (ВСТ) мүшелері тамақтанудың мектептегі нүктелеріне мониторингті жүзеге асырды.

Алғашқы күні партиялықтар мен ата-аналар комитеті тамақтанудың жүздеген мектептегі нүктелеріне инспекциялау жұмыстарын жүргізді, сол кезде біртипті ондаған олқылықтар анықталды.

Еліміздің мектептерінде ең алдымен тамақтану сапасын күн сайын бақылауға және олқылықтарды анықтап отыруға міндетті мектептің сарапшылық комиссиясының есептік құжаттамасы мен белсенділігі тексерілді. Анық болғандай, көптеген мектептерде олар жұмыс істемейді – ескертуі бар бірде-бір хаттама немесе олқылықтарды жою бойынша бірде-бір акт анықталмады. 

Ал шымкенттік мектептердің бірінде комиссия тұтастай оқу мекемесінің қызметкерлерінен тұрады – мектеп асханасын бақылауға тек бір ата-анаға ғана рұқсат берілген.

Одан соң партиялық ведомствоаралық сараптамалық топ мектеп әкімшілігінің кезекшілік кестесінің болуына визуалды тексеріс жүргізді, оқушылардың тамақтану тәртібін тексерді, су ішу тәртібінің сақталуы, қол жууға арналған жағдайдың жасалуы, бекітілген мәзірдің болуы, сондай-ақ, мектеп асханасы рационының бірыңғай стандарттарға сәйкестігі инспекцияланды. Монторингілеудің қорытындысы бойынша нұсқаулықтар мен есептер рәсімделді.

Мысалы, ВСТ құрамына кіретін ата-аналар мектеп директорына: мәзірді үнемі ғаламторда жариялап тұру, тағам блоктарына камералар орнату, белгілі журналистер мен блогерлерді сарапшылық комиссиясына қосу сынды ұсыныстарын алға тартты.

«Мектеп асханалары» партиялық жобасы мерзімсіз болып табылады, сондықтан мониторингілеу жалғасын табады, ол жиі және үнемі күтпеген жерден жүргізіледі.

"Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы тамақтану саласындағы күрделі проблемаларды шешу және ата-аналар комитетінің, асхананы жалға алушылардың, мектеп әкімдігі мен білім беру басқармасының әрекеттерін үйлестіру үшін «Мектеп асханалары» жобасын әзірледі. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту ағзаларының аурулары жиілеп кеткендіктен ол осы проблеманың шешіміне айналуы тиіс", - деді «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Илья Теренченко. 

Оның айтуынша, өткен жылы партия мектеп асханаларында тыйым салынған тамақтар тізімін кеңейтуге қол жеткізген болатын, олар заңнан тыс: шұжықша, шұжық өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды бояғыштары, хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер мен тәттілендіргіштер болып табылады. 2018 жылы желтоқсанда Денсаулық министрлігі осындай өнімдердің жаңартылған тізімін жариялады.


"Алайда бұл тек алғашқы қадам ғана болатын. Әрі қарай осы нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан біздің екінші міндетіміз – еліміздің барлық аймақтарында мониторингілеудің сенімді жүйесін ұйымдастыру", – деді партия Хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы