Мексиканың бұрынғы президенті есірткі сатушыдан пара алды деп айыпталды

Астана, BAQ.KZ. Колумбиялық есірткі сатушы Алекс Сифуэнтеса Мексиканың бұрынғы президенті Энрике Пенья Ньетоны наркобарон Хоакин Гусманнан (Эль Чапо) пара алды деп айыптады. Бұл туралы Aristegui Noticias басылымы хабарлады.


Сифуэнтеса Нью-Йоркте өтіп жатқан Эль Чапо ісіне қатысты сот барысында осы келісім туралы айтты. Оның айтуынша, Гусман Ньетоға 2012 жылы Мексика президенті қызметіне келместен бірнеше ай бұрын 100 млн долар берген. 
Бұдан бөлек, 2018 жылдың қараша айында Гусманның адвокаты Джеффри Лихтман екі президент Фелипе Кальдерон мен Ньетоның пара алғанын айтты. Оның сөзінше, олар «миллион доллар көлемінде пара алған».
Ньетоның президенттігі кезінде есірткі сатушы екі рет ұсталып, нәтижесінде АҚШ-қа экстрадицияланған.
Гусман Мексикадағы «Синалоа» ірі есірткі сату ұйымының басшысы. Наркобаронға қатысты сот процесі 2018 жылы қараша айынан бері жүргізіліп келеді. Гусман кінәлі деп танылса оған өмір бойы түрмеде ерекше қатаң тәртіпте отыру жазасы күтіп тұр. 
Энрике Пенья Ньето 2012-2018 жылдары Мексика президенті болды. Оған дейін 2006 жылдан бастап бұл қызметте Фелипе Кальдерон отырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы