Бүгiн 2026, 08:11
Фото: REUTERS / Javier Verdin
Мексикадағы жаппай тәртіпсіздіктер: Түрмеден қашқан 23 тұтқын іздестірілуде
Қарулы адамдар түрме қақпасын көлікпен соғып бұзып, тұтқындардың қашуына жағдай жасаған.
Мексиканың Пуэрто-Вальярта қаласында жексенбі күні болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде түрмеден қашып кеткен 23 тұтқынға іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Оқиға елдегі ең ықпалды қылмыстық топтардың бірі – Джалисконың жаңа буыны (CJNG) ұйымдастырған шабуылдар аясында болды.
Қарулы адамдар түрме қақпасын көлікпен соғып бұзып, тұтқындардың қашуына жағдай жасаған. Тәртіпсіздіктер картель жетекшісі Немесио Осегера Сервантестің («Эль Менчо») қаза табуына байланысты өршіген. Қақтығыстар салдарынан 70-тен астам адам, оның ішінде Ұлттық ұланның 25 қызметкері мерт болды.
Пуэрто-Вальяртада көліктер өртеліп, жолдар жабылды, тұрғындар мен туристерге сыртқа шықпау ескертілді. Бірқатар әуе рейстері тоқтатылып, круиздік кемелер портқа кірмейтінін мәлімдеді.
Джалиско штатының билігі қашқындарды ұстау үшін басқа өңірлермен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын хабарлады.