Кеше 2026, 17:36
Фото: СІМ
Мексикадағы жаппай тәртіпсіздік: ҚР СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Мексикада 35 қазақстандық бар – ҚР СІМ.
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі елдегі ахуалға мұқият қарап отыр және отандастармен тұрақты байланыста, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан азаматтарына сабырлық сақтап, қырағылық таныту және қауіпсіз жерлерде болу ұсынылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігінде 35 ел азаматы консулдық есепте тұр, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Мексикада «Эль Менчо» (El Mencho) есімімен танымал есірткі картелінің басшысы Немесио Осегера Сервантес өлтірілгеннен кейін тәртіпсіздіктер басталған болатын.