Мексикадағы дүлей дауыл 28 мың үйді жарамсыз етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатын мамыр айының соңында "Агата" дауылы талқандап өтті деп хабарлайды ТАСС.  

Аймақ губернаторы Алехандро Мурат шығындар есептелгенін, 28 мың баспана мен 191 мектеп қалпына келтіруді қажет ететінін хабарлады.

Жалпы алғанда 100 мыңнан астам адам материалдық шығынға ұшырады. Апаттың салдарын жою үшін штаттың 69 муниципалитетінде төтенше жағдай жарияланды. Зардап шеккен халыққа шамамен 4 мыңға жуық әскери қызметші көмектесіп жатыр.

Тынық мұхиты үстінде пайда болған, Саффир - симпсон шкаласы бойынша бес санаттың екіншісін құрайтын дауыл 30 мамырда Оахака аймағында құрлыққа шығып, жан-жақты жайпап өтті. Циклонның салдарынан нөсер жаңбыр жауып, ол су тасқыны мен лай көшкінін тудырды.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, табиғи апаттан тоғыз адам қаза тапты, тағы бесеуі хабар-ошарсыз кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы