Мексикада вулкан кратеріне құлаған бала тірі қалды

8 жастағы бала Мексикада жанартау кратеріне құлап кетіп, тірі қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға бала әпкесімен бірге Мехико-Сити маңында қыдырып жүрген кезінде болған.

Сол маңда қыдырып жүрген бала Кситле вулканының кратеріне тым қатты жақындап, салдарынан 50 метр биіктіктен құлап кеткен. 

Қуанышқа орай бала тірі қалған, бірақ ауыр жарақаттар алған. 

Баланың құлауына жаңбыр шайып кеткен топырақтың жұмсақтығы себепші болуы мүмкін деген болжам бар.

Баланың әпкесі оқиға орнына бірден құтқарушыларды шақырған. Олар баланы кратерден шығарып, тікұшақтың көмегімен ауруханаға жеткізген. 

Дәрігерлер оған ауыр бассүйек-ми жарақаты, тізе жарақаты және сол жақ жауырынның сынуы диагноздарын қойған.

Айта кетейік, Кситле вулканының биіктігі 300 метр. 

The Daily Express басылымының деректеріне сүйенсек, бұл вулкан біздің заманымызға дейін III ғасырда атқылаған екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы