Мексикада құс тұмауының жаңа штамынан бір адам қайтыс болды

Әлемде алғаш рет құс тұмауының жаңа штамынан кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz-тің жазуы бойынша, қайғылы оқиға Мексикада болған. Сәуірде 59 жастағы ер адамның дене қызуы көтерілген. Іші өтіп, демікпе пайда болған. Кейіннен ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмған. Марқұмның вирусты қайдан жұқтырғаны белгісіз. Ауырғанға дейін құстарға жоламаған. Қазір зерттеу жүріп жатыр.

Негізі құс тұмауының жаңа штамын әлемде алғаш болып жұқтырған осы Мексика тұрғыны еді. Жақында вирус АҚШ-тағы бір ферманың бірнеше қызметкерінен анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы