Мексикада қала әкімі қолтырауынға үйленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың Сан-Педро Уамелула қаласының әкімі Виктор Хьюго Соса қолтырауынға үйленді. Мұндай қадамға ол тұрғындарға молшылық шақыратын ежелгі салт-дәстүр үшін барған деп жазады Daily Mail.

«Қалыңдық» - жеті жасар қолтырауынды тұрғындар «Кішкентай ханшайым» деп атады. Қалыңдық көйлегін киген жануар рәсім кезінде күйеужігітті жараламас үшін аузын таспамен байлап қойған.  

Салт-дәстүрге сәйкес, Кішкентай ханшайым Жер-ананы бейнелесе, оның жергілікті басшымен «некесі» адамның құдаймен бірігуін білдіреді. Осылайша, қалаға молшылық келеді деп сенеді тұрғындар.  

Біз табиғаттан ол бізге мол несібе, жауын-шашын, өзенімізге көп балық пен үйімізге тамақ беруін сұраймыз, - деп түсіндірді Соса. 

Айта кетерлігі, Сан-Педро-Уамелула басшылығы жыл сайын дәстүрге сай XVIII ғасырдан бері сақталып келе жатқан қолтырауындармен некелесу дәстүрін ұйымдастырады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы