Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды
Бүгін, 29 желтоқсанда Мексикада пойыздың рельстен шығып кетуінен кем дегенде 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Бұл туралы ел Президенті Клаудия Шейнбаум мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, зардап шеккендердің бесеуі ауыр жағдайда. Жараланғандар Маттиас-Ромеро және Салина-Круз қалаларындағы әлеуметтік сақтандыру институтының ауруханаларына, сондай-ақ Хучитан мен Икстепек қалаларындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
Оқиға Нисанда (Оаксака штаты) қаласы маңында орын алған. Пойызда тоғыз экипаж мүшесі мен 241 жолаушы болған. Құрамында екі локомотив пен төрт жолаушылар вагоны болған.
Әскери-теңіз күштері министрлігі қайғылы жағдайға бағытталған барлық шараларды қолға алғанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Германияда зейнет жасын көтеру ұсынылды
Келесі жаңалық
Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды
Өзгелердің жаңалығы