Мексикада «Отис» дауылының салдарынан 48 адам қаза болды
Мексикада «Отис» дауылының салдарынан қайтыс болғандар саны 48-ге жетті. Тағы 6 адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
РИА «Новости» мәліметінше, 25 қазанға қараған түні Мексиканың Герреро штатына «Отис» дауылы ойран салды. Табиғи апат 48 адамның өмірін жалмады. Елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі дауылдан кейін алты адамның жоғалып кеткенін мәлімдеді.
48 адамның 43-і Мексиканың Акапулько-де-Хуарес қаласында қаза болса, бесеуі - Койука-де-Бенитес қаласында қайтыс болған. Алтауын іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздестіру барысында он шетелдік азамат табылған.
Еске салсақ, бұған дейін Акапульконың біраз бөлігі жарықсыз қалғаны хабарланды. Қазір қаладағы әуежай жұмысы қалпына келтірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ: Полиция бір апта ішінде 250 кг есірткі тәркіледі
Өзгелердің жаңалығы