Кеше 2026, 07:12
Фото: Reuters
Мексикада есірткі картелінің мүшелерімен қақтығыста Ұлттық гвардияның 25 қызметкері қаза тапты
Сондай-ақ мемлекеттік прокурор кеңсесінің бір қызметкері қаза тапты.
Мексикада есірткі картелінің мүшелерімен болған қарулы қақтығыстар кезінде Ұлттық гвардияның 25 әскери қызметкері қаза тапты. Бұл туралы елдің қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Харфуч мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, шабуылды Картель Нового поколения Халиско мүшелері өз жетекшісі қаза тапқаннан кейін ұйымдастырған. Сондай-ақ оқиға барысында штат прокуратурасының бір қызметкері де мерт болды.
Картель басшысы Немесио Осегера Сервантес, "Эль Менчо" лақап атымен танымал, Мексикадағы ұзақ іздеуде жүрген есірткі барондарының бірі саналған. АҚШ билігі оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін 15 миллион доллар көлемінде сыйақы тағайындаған болатын.
Оның қаза тапқаны туралы ақпараттан кейін картель мүшелері кек алуға уәде берген. Елдің сегіз штатында тәртіпсіздіктер басталып, қарулы топтар жүк көліктерін өртеп, жолдарды жауып, көшелерде қақтығыстар ұйымдастырған.