Мексикада «Джон» дауылының салдарынан бірнеше адам қаза тапты

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор 23 қыркүйекте елдің Тынық мұхиты жағалауында болған «Джон» дауылының салдары салдарынан Герреро штатында бес адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Менің тек Акапулькода ғана емес, Герреро штатының бүкіл жағалауында болып жатқан оқиғалар туралы хабарым бар. Бақытымызға орай, үлкен қирау болған жоқ. Төрт адам Коста Чика аймағында, тағы біреуі Акапулькода қайтыс болған. Қазіргі уақытта барлығы бес кісі өлімі тіркелді, - деді Мексика президенті.

Елдің Ұлттық метеорологиялық қызметі Саффир-Симпсон шкаласы бойынша 3-санаттағы «Джон» дауылының Тынық мұхитта қалыптасып, 23 қыркүйек күні кешке Маркелия муниципалитетінде (Герреро штаты) Мексика жағалауына жеткенін, содан кейін ол басылғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы