Мексикада барға қарулы шабуылдан алты адам қаза тапты
Мексиканың Тула қаласында (Идальго штаты) барға жасалған қарулы шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, тағы сегіз адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ El Universal басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 29 қараша күні жергілікті уақытпен түнгі 1:30 шамасында болған. Белгісіз қаруланған адамдар La Resaka барын басып кіріп, оқ жаудырған.
Құқық қорғау органдары тергеу бастады және шабуыл жасағандарды анықтап, ұстау бағытында жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, соңғы жылдары Тула қаласы аумақ пен заңсыз әрекеттерді бақылауға таласқан қылмыс топтарының қақтығысына айналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каратэ: Қазақстандық спортшы Каирде алтынға таласады
Өзгелердің жаңалығы