Мексикада әуе шары өртеніп, екі адам қаза болды

Мексиканың Мехико штатындағы Сан-Хуан-Теотиуакан археологиялық орнында әуе шары өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Сонымен қатар қайғылы оқиға салдарынан бір қыз бала зардап шекті.

Fuerza Informativa Azteca агенттігінің мәліметінше, Мехико қаласында тұратын 39 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Зардап шеккен қыздың беті мен аяқ-қолдарын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалып, оң жақ иық сүйегі сыныған. Оны Ахапуско атындағы ауруханаға жеткізген.

Ал El Universal газетінің хабарлауынша, шардағы екі адамның денесін туыстары алып кеткен, сондықтан оның қайда екені, денсаулық жағдайы белгісіз екенін хабарлады. 

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан екі адам зардап шеккен қыздың ата-анасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: skyscanner.ru
Өзгелердің жаңалығы