Аса қауіпті вирус жұқтыратын маса пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл қауіпті вирусты масалар ауру құстарды шағу арқылы жұқтырған дейді мамандар.
Мексиканың Юкатана штатының билігі "қара москит" жылқы энцефалитін жұқтыратынын айтып дабыл қағуда. Мамандардың айтуынша, бұл дертті жұқтырған адамды өлім аузынан алып қалу қиын.
Юкатана Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "Aedes taeniorhynchus" москиті штат бойынша таралып, эпидемиологиялық жағдайға қауіп төндіруде.
Дәрігерлер әзірге жылқы энцефалитіне қарсы вакцина жоқ екенін және бұл ауру адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертті.
Ауыр жағдайларда ауру миды қатты зақымдап, адамды комаға немесе өлімге әкеледі. Әзірге ауруды жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Жергілікті билік масаның көбеюіне қарсы шараларды қолға алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңарған көрікті Шыңжан – Қытай елшісі
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы