Мексикада 7,3 балдық жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінен кейін АҚШ-тың Цунами туралы ескерту жүйесі (UTWS) ықтимал цунами қаупі жөнінде ескерту жариялады.
Мексиканың оңтүстігінде, Гватемала шекарасына жақын аумақта магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.
Сейсмикалық дүмпу UTC уақыты бойынша 14:48-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 15,2 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Акилес-Сердан елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай шамамен 49 шақырым, ал Гватемаланың Сан-Маркос қаласынан 122 шақырым қашықтықта болған.
Арада жарты сағат өтпей, дәл осы өңірде магнитудасы 5,3 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Чьяпас штатындағы Пуэрто-Мадеро қаласына жақын жерде 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінен кейін АҚШ-тың Цунами туралы ескерту жүйесі (UTWS) ықтимал цунами қаупі жөнінде ескерту жариялады.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Гватемала президенті Бернардо Аревало жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Дегенмен өңірде сейсмикалық ахуалға байланысты бақылау жалғасып жатыр.