5 Тамыз 2025 2025, 12:46 Фото: - архив

Мексикада 32 адамның бөлшектелген денесі табылды

Мексикада 32 адамның бөлшектелген денесі табылды. Олардың 15-і танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мексикада 32 адамның бөлшектелген денесі табылды. Олардың 15-і танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мексика прокуратурасы 30 шілде мен 2 тамыз аралығында жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында 32 адамның мәйіті табылғанын растады.

Полиция бұл мәйіттерді елдің орталығында орналасқан Гуанахуато штатындағы Ла-Калера елді мекеніндегі жаппай жерлеу орнынан тапқан.

Ла-Калерада тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін 32 адамның мәйіті табылды. Олардың 15-інің кім екені анықталды, - делінген штат прокуратурасының Х әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, мәйіттердің бөлшектелген күйде табылуына байланысты оларды зерттеу үшін генетика, антропология және сот стоматологиясы сияқты салалардағы арнайы әдістер қолданылған.