Мексика мен АҚШ шекарасында 100-ден астам адам көз жұмды
Биыл АҚШ пен Мексиканың шекарасында 108-ден астам адам қайтыс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Guardian-ның мәліметіне сүйенсек, барлық өлім-жітім күннің қатты ыстығымен байланысты.
Соңғы екі жылда АҚШ пен Мексика шекарасына жақын орналасқан Нью-Мексикода бұрынғыдан он есе көп мигрант көз жұмған.
Жыл басынан бері Эль-Пасодан 16 шақырым жерде 108 адамның мәйіті табылды. 2023 жылы 113 мигранттың сүйегінің қалдықтары Мексикамен шектесетін штаттың маңында қалған.
Бұл ауданда неліктен адамдардың жаппай қайтыс болатыны белгісіз. Көптеген сарапшы мұны контрабандашылар мигранттарды қатты ыстық температура жағдайында әкелетіндігімен байланыстырып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы