Мексика Кариб теңізіне шығатын жағажайларын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексика шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. Қазір Кариб теңізі жағажайлары ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Саяхатшылар коронавирусқа шалдықпауы үшін жаңа ережелер енгізілген. Жағажайлар мен қонақүйлер жиі-жиі тазаланып, дезинфекцияланып тұруы тиіс. Туризм Мексикада жалпы ішкі өнімінің 8,7 пайызын құрайды. Бұл салада 4,5 миллион адам жұмыс істейді.
Ал ресми дерекке сәйкес, Мексикада індетті жұқтырғандардың саны 140 мыңнан асқан.
Демалыс орындарында шетелдіктер қарасы да біртіндеп көбейіп келеді.
Мұнда отбасыммен келдім. Бәрі керемет. Тазалау жұмыстары жиі жүргізіліп жатқаны ұнады. Демалушылар да аз. Өзімді толықтай қауіпсіз сезінемін, - дейді америкалық саяхатшы Маршалл Сно.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы