28 Наурыз 2023 2023, 17:44
Фото: скрин
Меккеге барар жолдағы көлік апаты: Біздің азаматтарымыз жоқ - СІМ
Меккеге барар жолда болған көлік оқиғасында зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Меккеге барар жолда болған көлік оқиғасында зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саудия полициясының мәліметінше, зардап шеккендер арасында біздің азаматтарымыз жоқ, - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам қаза тапты.
Оқиға Асир әкімшілік ауданында болған. Апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған. Салдарынан автобус көпірдің аралығына соғылып, өртеніп кеткен.