Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласына жыл сайынғы қажылыққа әлемнің түкпір түкпірінен 2 млн жуық адам келді. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, құлшылық ету үшін Сауд Арабияға табан тірегендердің ішінде Индонезия, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Марокко, Бангладеш, Иран және  Түркия азаматтары бар. Қажылық тамыздың 14-іне дейін жалғасады.

Еске салсақ, жыл сайын қажылыққа әлемнің екі миллионнан астам мұсылмандары барады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 371 мың адамды құрады.

Ал, Қазақстан азаматтарына биылғы қажылық сапарына 3200 квота берілді. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы