29 Қыркүйек 2019 2019, 17:11

Мехикода америкалық әткеншек құлады: қаза тапқандар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әткеншек жоғары жылдамдықпен келіп, рельстен шыққан және 10 метрлік биіктіктен құлаған. Бұл туралы жексенбі күні Milenio хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әткеншек жоғары жылдамдықпен келіп, рельстен шыққан және 10 метрлік биіктіктен құлаған. Бұл туралы жексенбі күні Milenio хабарлады.

Оқыс оқиға Мексиканың астанасы Мехико қаласындағы Химера  деп аталатын аттракционда болған. Екі адам: әйел мен еркек қаза тауып, екі адам (екі әйел) жарақат алған. 
Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, алты адамға психологиялық көмек көрсетілген. Құқыққорғау органдары болған жағдайға байланысты тергеуді
бастады. Қазір аттракциондар саябағы жабық.