Мекеме аумағына есірткі мен ұялы телефондарды заңсыз алып өтпек болған қаскүнем ұсталды

2 желтоқсанда Аршалы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жедел іс-шаралардың нәтижесінде Аршалы кентінің №2 мекемесінің аумағында азамат ұсталды, одан табылған есірткі заттар мен ұялы телефондар тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаскүнем мекеме аумағына есірткі заты бар 9 полиэтилен пакетті, сондай-ақ 3 ұялы телефон мен 3 сим картасын заңсыз алып өтпек болған. Күдіктіге қатысты есiрткi заттардың заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Күдіктіге жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында. 

Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында есірткі жеткізу арналарын анықтау және оған қатысы бар адамдарды әшкерелеу шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив
Өзгелердің жаңалығы