Мехикода құлаған метро көпірі салдарынан зардап шегушілер артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Мехико қаласында құлаған метро көпірі салдарынан зардап шегушілер саны 20-ға дейін артты, 49 адам ауруханаға жатқызылды, деп жазды interfax.kz.

Метро көпірі Olivos стансасының 12-линиясында кеше кешке құлаған. Көпір үстінен пойыз өтіп бара жатқанда оның жақтауларының біріне көлік соғылған. 

Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрард Twitter-дегі парақшасында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Бүгін метрода болған жағдай үлкен трагедия. Апат салдарынан қаза болғандарға қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиғаның мән-жайы зерттелуі тиіс, оған кінәлілер жауапкершілікке тартылуы керек, - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы