Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу өзгереді
Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Әскери полицияның бас басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс дайындады.
"Жол қозғалысы туралы" заңында "механикалық көлік құралы" анықтамасынан "мопед" деген сөз алынып тасталды. Ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұл ұғым да алынып тасталуға жатады, - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15329326 сілтеме бойынша танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда 1 млн теңге пара алған шенеунік сотталды
Келесі жаңалық
Бірқатар өңірде жолдар жабылды
Өзгелердің жаңалығы