25 Ақпан 2019 2019, 19:10

Медведев Маминді ҚР Премьер-министрі болуымен құттықтады

Астана, BAQ.KZ. Ресейлік министрліктер кабинетінің басшысы қазақстандық әріптесінің жұмысына табыс тіледі.

Астана, BAQ.KZ. Ресейлік министрліктер кабинетінің басшысы қазақстандық әріптесінің жұмысына табыс тіледі.

Телефонмен әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Асқар Маминді Қазақстанның Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның жұмысына табыс тіледі. Бұл туралы РФ Үкіметінің ресми сайтында хабарланды.
 

Сондай-ақ, тараптар Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының жекелеген мәселелерін, алдағы уақытта байланысу кестесін талқылады.