Медреседе бас ұстазының аяғын уқалаған адамдар анықталды
Әлеуметтік желіде Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғын шәкірттері уқалап жатқан видеосы тараған болатын. Бұл мәселеге қатысты «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол балалар медресе-колледж шәкірттері емес, өзінің туған немерелері екендігін мәлімдейміз. Атап айтқанда, балалардың бірі — үлкен ұлының баласы Хамза Закарияұлы, Дінмұхаммед Смановтың ұлы - Мехдат Дінмұхаммедұлы және жиені Талха Мұхтарұлы. Видеодағы балалар медресе шәкірттері емес, – дейді колледж директоры.
Еске салайық, ол видео 11 наурыз күні Нұрсұлтан Оспановтың Facebook әлеуметтік парақшасында жарияланған. Аталмыш бейнежазбаны әлеуметтік желіге салып, бөліскен медресе колледжінің тәрбиешісі болып шықты.
Лия Сауытова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
МӘМС. Жаңа ереже. Кімдер көп төлейді?
Өзгелердің жаңалығы