Кадр тапшылығын жою үшін медколледждердің 112 түлегі тартылды – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен "КВИ таралмау мақсатындағы шаралар аясында карантин енгізу жоспары туралы" брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

COVID-19 күннен күнге өсіп жатыр. Коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткіші соңғы айда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Коронавирус инфекциясының жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған азаматтарға амбулаториялық көмекті мобильді көшпелі бригадалар көрсетеді. Бүгінге дейін 380 бригада құрылған. Олардың санын 3 мыңға жеткізу көзделіп отыр. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап көшпелі бригадалардың қызметі үшін арнайы тариф белгіленді. Ал емханаларға тіркелген халық учаскелік дәрігерлерден консультациялық көмек ала береді, - деді ол.

Министрдің айтуынша, емханаға анықтама бойынша барғандарға карантиндік фильтрлер арқылы қызмет көрсетіледі.

Жедел жәрдем көліктері тапшылығы мәселесі қысқа мерзімнің ішінде әкімдіктермен бірге шешілетін болады. Медициналық емес ұйымдардың есебінен осы мәселе ретке келтіріледі. Республикалық бюджеттің есебінен қазірдің өзінде 807 жедел жәрдем көлігі сатылып алынды. Ол көліктердің алғашқы партиясы, яғни 14-і шілде айында Нұр-Сұлтанға, 18-і Солтүстік Қазақстанға жеткізіледі, - деді Цой.

Ал, кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында медициналық колледждердің түлектері тартылуда. Олардың саны – 112.

Жергілікті атқарушы органдарға түрлі ресурс арқылы қосымша CORONA-TAXI жүйесін шығару туралы ұсыныс берілді. Күн сайын республика бойынша ауысым бойынша 1400 көшпелі бригада шығады. Шақырылатын орынға шығудың орташа тәуліктік көрсеткіші – кейінгі екі аптада 30 мыңнан асып кетті. Бұл – қалыпты жүктемеден екі есе көп, - деді ол.
Еске салсақ, бүгін мемкомиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Қабылданған шараларды түсіндіру барысында, ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин кезінде режим сақтамағандар жауапкершілікке тартылатынын, сондай-ақ тамыз айына дейін бір тәулікте 40 мыңға жуық тест жасалатынын және Қазақстанда енгізілген шектеулерді елеместен той жасап жүргендер жөнінде айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы