Медициналық тікұшақ апатқа ұшырады

Калифорния штатындағы Сакраменто қаласында медициналық тікұшақ тас жолға құлап, үш адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сакраменто өрт сөндіру қызметінің өкілі, капитан Джастин Сильвияның айтуынша, тікұшақ ауруханаға пациентті жеткізіп болған соң, қайтар жолда шамамен сағат 19:00 шамасында «төтенше жағдай» туындаған.

Бортта болған ұшқыш, медбике және фельдшер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Ең таңқаларлығы тікұшақ тура тас жолдың ортасына құлағанына қарамастан, жерде жүрген ешкім зардап шеккен жоқ, - деді Сильвия.

Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ төмен қарай қатты құлағанын көрген жүргізушілер қозғалысты баяулатып үлгерген.

Оқиға кезінде бір әйел тікұшақтың астында қалып қойған. Өрт сөндірушілер тобы мен жолда жүрген адамдар бірігіп, шамамен 15 адам тікұшақты көтеріп, әйелді шығарып, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы