12 Сәуір 2025 2025, 19:10
Фото: dw.com
"Медициналық тексеруден өтті". Трамптың денсаулығы сыр берді ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл сайынғы медициналық тексеруден өтті,
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл сайынғы медициналық тексеруден өтті, бірақ денсаулығына қатысты нақты мәліметтерді жарияламауды жөн көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sky News агенттігіне сілтеме жасап.
78 жастағы Трамп – АҚШ тарихындағы ең қарт инаугурацияланған президент. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында:
Өзімді бұрынғыдан да жақсы сезініп тұрмын, дегенмен мұндай тексерулерді өткізу қажет, – деп жазды.
Ол Вашингтондағы Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталықта тексерілді. Заң бойынша, президент өзі шешеді, қай деректі жариялайтынын.
2020 жылы Трамп коронавирус жұқтырып, оның жағдайы ресми айтылғаннан әлдеқайда ауыр болғаны кейін белгілі болды.