Қазақстанда тағы бір медициналық пойыз іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Алматы-2» бекетінен «Жәрдем» қосымша мамандандырылған медициналық пойызы сапарға аттанды. 

Пойыз «Денсаулық» медициналық жобасына қосымша ретінде іске қосылып, 6 облысты қамтитын болады. 2019 жылдың соңына дейін екі медициналық пойыз 80 мың қазақстандыққа көмек көрсетеді деп күтілуде.

«Жәрдем» Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 6 облысының 78 шалғай станциясын қамтиды: оның бағытына Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары кіреді. «Жәрдем» «Денсаулық» пойызы сияқты еліміздің шалғай аудандарында тұратын медициналық қызметке мұқтаж тұрғындарға алғашқы медициналық-әлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.


«2019 жылдың сәуір айының соңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге «Денсаулық» медициналық пойыз жобасын іске қосты. Осы күнге дейін дәрігерлік бригадалар 15 000 қазақстандыққа медициналық көмек көрсеткен. Тәжірибе көрсеткендей мұндай пойыздар шалғай аудандарда тұратын тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие, себебі мұнда кәдімгі емxанада кезектің көп болуына байланысты қабылдап үлгермейтін дәрігер мамандар бар. Сондықтан 6 аймақты аралайтын, осындай қосымша медициналық пойызды іске қосуды шештік», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас.

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар бар.

Медпойыз медициналық кабинеттерге сай жабдықталған, алғашқы көмек көрсету мен диагностикалық тексеру жасауға болатындай етіп қамтылған 8 вагоннан тұрады. Медициналық құрылғылардың қатарына ЭКГ, УДЗ аппараты, отоскопиялық құрылғы, гематологиялық және биоxимиялық анализатор, Мерлин ультродыбыстық сканері, стоматологиялық құрылғылар, флюрограф, гастрофиброскоп және т.б. кіреді.

«Жәрдем» пойызы өз жұмысын 2019 жылдың 24 желтоқсанында Алматы қаласында аяқтайды. Пойыз 10 100 шақырымға жуық жол жүреді деп жоспарланған.


«Медициналық пойыз» жобасы 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және осы уақыт аралығында шалғай елді мекендерде тұратын адамдар үшін жыл сайын асыға күтетін жоба болды. Осылайша, медициналық пойыз мамандарына қаралу кейбір адамдар үшін күрделі ауруларды анықтаудың себебі болуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы