Медициналық көмектің сапасы ерекше бақылауда - Смайылов

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді, - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 млрд теңге бөлінді.

Биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады. Бұл 4 млн-нан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жоспарланған 8 облыстық көпсалалы және университеттік клиниканың 2-уінің құрылысы басталды, - деді ол.

BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін берді.

Мысалы, «Pfizer» және «Roshe» компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Ағымдағы жылы сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді, - деді Премьер-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы