Медициналық есеп құжаттамасы оңтайландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу шеңберінде есептік құжаттаманың 85%-дан астамы (155 нысанның 132 нысаны) электрондық форматқа ауыстырылды.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының мәліметінше, электрондық медициналық анықтамалар мен құжаттарға көшу Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

Басқа ведомстволармен интеграциялау мүмкіндігінің болмауына байланысты 23 есептік нысан қағаз түрінде (денсаулық жағдайы туралы қорытындылар, әскерге шақырылушылардың карталары, сауықтыру лагері мен санаторийлерге анықтамалар мен жолдамалар, жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру туралы дәрігерлік қорытынды, айырбастау картасы және т.б.) жүргізіледі. Медициналық құжаттаманы қағазсыз және цифрлық жүргізуге толық көшу 2022 жылға жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын оңтайландыру мақсатында медициналық есепке алу құжаттамасының 126 нысаны алынып тасталды, бастапқы медициналық құжаттама саны 44,8%-ға қысқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы