Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді енді WhatsАpp арқылы білуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әрбір қазақстандық енді өз мәртебесін WhatsApp арқылы біле алады.
Ол үшін келесі нөмірге хабарлама жіберу керек: +7 700 103 1406. Сәлден соң сізге нұсқаулық, содан соң сіздің сақтандыру мәртебеңіз туралы ақпарат келеді.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ өзінің сақтандыру мәртебесін SaqtandyryBot Telegram-арнасы арқылы да білуге болады. Ол үшін ЖСН нөмірін жіберу керек.
Сонымен қатар, мәртебені www.egov.kz сайтында, fsm.kz сайтында немесе аумақтық ХҚКО-да анықтауға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы