Медициналық сақтандыру қоры ПТР-зерттеуге 3,4 млрд теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 300 мың ПЦР-зерттеуге 3,4 млрд теңге бөлді, 199,8 мың тест стационарларда және МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 97,9 мың тест жүргізілді.
ПЦР-тестілеу халыққа қолжетімді болу үшін Қор зертханасы бар 502 мекемемен келісім жасады.
Елімізде медициналық алғашқы көмек ұйымдары жанындағы 2 мыңнан астам мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады.
Мамандардың пікірінше, бұл халыққа қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зертханалар санын 59 артты да нәтижесінде қазір зертханалар тәулігіне 32 мың тест жасай алады, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет желісі 23 зертханаға, жеке медициналық зертханалар 20 және медициналық ұйымдардағы зертханалар 16 жетті.
Медициналық сақтандыру қоры халықтың қай топтарында ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПЦР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.
Бірінші кезекте - инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек. Келесі санат - провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және диагноз қою керек. Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады, - делінген ақпаратта.
Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады.
Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.